Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 11 февраля 2015
2015 жылғы 11 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қостанай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Кездесуде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан халқы студенттік ассамблеясы төрағасы, тарих және өнер факультетінің 3 курс студенті А.Кадралинов баяндама оқыды. Ол ұйымның жұмыс жоспарымен таныстырып, болашақ перспективалары жайында ойларымен бөлісті. Кездесуде Қостанай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төраға орынбасары Б.А.Дандыбаев, сондай-ақ облыстық «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталығының төрағасы Э.Э.Холметов баяндама оқыды.
Кездесу барысында студенттер этносаралық келісім, Қазақстанда тұрып жатқан түрлі халықтар мәдениеттерінің өзара қарым-қатынасы тақырыптарында сұрақтар қойды.