«ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардың қызметі»
- Подробности
- Опубликовано: 17 февраля 2015
2015 жылдың 13 және 17 ақпан күні ҚМПИ-дың АҮТ (ақпараттық-үгіттеу тобы) – «Дінтану орталығының» мүшелері Г.И. Шаймерден және К.К. Абильмаликов ІІБ және облыстық сот қызметкерлеріне «ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардың қызметі» тақырырыбында лекция оқыды. Г. Шаймерден елдің діни қауіпсіздігі саласындағы негізгі үрдістерді баяндады, К. Абильмаликов өз баяндамасын деструктивті діндерге тарту әдістерін талдауға арнады.
Бұл іс-шараның мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және толеранттылық пен конфессияаралық келісім идеясын жүзеге асыру арқылы діни экстремизмнің алдын алу.
Г. Шаймерден өз баяндамасында экстремизммен күрестің жаңа парадигмасы экстремизмге бастайтын қоғамдық құндылықтарды қоғамдағы экстремизмнің кез келген көрінісін болдырмайтын басқа дүниетанымдық көзқарастармен ауыстыру саясаты болуы мүмкіндігін атап өтті.
Қазіргі уақытта экстремизммен күрес саласында тиым салу шараларына, эктремизм көріністері үшін заңды жауапкершілікті күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін күні күштеу әдістері нәтиже бермеуде. Күштеу іс-шараларына күмән келтірмейміз, алайда қазіргі қазақстандық қоғамда оң нәтижеге қол жеткізу үшін экстремизмнің барлық формаларымен күресті жүргізуде парадигманы өзгертетін кез келді деп ойлаймыз.