«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пән олимпиадасы
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2015
«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пән олимпиадасы
2015 жылғы 16-17 сәуірде Семей қаласында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның түрлі аймақтарының жоғары оқу орындарынан келген 10 студент қатысты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының атынан қазақ және орыс филологиясы факультетінің абыройын қорғауға 3 курс студенттері – Айымбота Токмурзина (команда капитаны), Елена Форманюк, Оксана Ермолаева қатысты. Ғылыми жетекшілері – орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Галина Васильевна Мустакимова. Олимпиаданың алғашқы турында студенттер орыс тілінің барлық бөлімдері – лексикология, морфология, қазіргі орыс тілінің сөзжасамы және орыс әдебиеті тілінің тарихы бойынша білімдерін көрсетіп, екінші турда орыс классиктерінің шығармаларына салыстырмалы талдау жасау керек болды.