Химия пәнінен VII Республикалық пәндік олимпиада
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2015
ҚР Білім және ғылым министрлігінің базалық жоғары оқу орындарында пәндік олимпиадаларды өткізудің 2015 жылға арналған кестесіне сәйкес Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультеті 23-24 сәуір аралығында 5В011200 – Химия мамандығының студенттері үшін химия пәнінен VII Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Білім сынағына Қазақстанның түрлі облысының жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1 кезең – химия пәнінен есептерді шешу; 2 кезең – химия пәнінен эксперименттік бөлім. Олимпиада қазақ, орыс тілдерінде өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тәртіпте белгіленді: командалық есепте бірінші орын – біреу, екінші орын – екеу, үшінші орын – үшеу және Бас жүлде, сондай-ақ жеке есепте бірінші, екінші, үшінші орындар.
Бас жүлде – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты;
I командалық орын – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
II командалық орын – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
III командалық орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты.
Жеке есепте жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Севда Гаджиева (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты);
II орын – Наурызгүл Құспанова (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті);
III орын – Райхан Аяз (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті).
Сонымен қатар студенттер «Есептерді соны түрде шығару» және «Үздік экспериментші» номинациялары бойынша да марапатталды:
Дмитрий Мокшин – есептерді соны түрде шығарғаны үшін (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);
Үздік экспериментшілер болып:
Юлия Жирнова (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті);
Жадыра Ибадулла (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);
Айкүміс Сәрсенбай (Халықтар достығы Қазақстан инженерлі-педагогикалық университеті) атанды.