2015 жылғы бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру
- Подробности
- Опубликовано: 15 мая 2015
15 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 2015 жылғы бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру іс-шарасы өткізілді.
2015 жылы институтты 970 студент, ауылдық квота бойынша 114 адам тәмамдауда, оның ішінде 79 адамға жұмыс орны бөлініп, 35 түлекке өз бетінше жұмысқа орналасуларына мүмкіндік берілді.
Жұмысқа орналастыру іс-шарасы ҚР БҒМ 2015 жылғы 23 сәуірдегі тапсырысы және облыстық мектептер ұсынған қолдаухат негізінде өткізілді. Грант негізінде білім алып жатқан күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінің 329 студенті жұмысқа орналастырылды.
- студенттердің 76 %-ы Қостанай облысының қалалары мен ауылдық жерлерінің, сонымен қатар республиканың басқа да аймақтарының білім және спорттық мекемелеріне жіберілді;
- студенттердің жалпы санынан 9 %-ы магистратураға түсуге тілек білдірді;
- 14 % жүктілікке немесе бала күтіміне байланысты демалыста болуларына байланысты босатылды;
- студенттердің 1 %-ы бос жұмыс орны болмауына байланысты жұмысқа орналастырылудан босатылды.
Іс-шара өткізілгеннен кейін, студенттерге бөлінген жұмыс орындарына байланысты жолдамалар берілді.