«Отанының келбетін жүрегімен бейнелеп...»

«Өнерлінің өрісі кең» демекші, біздің оқу орнының талантты ұстаздары мен дарынды шәкірттерінің өнері тек қана институт қабырғасында емес, сондай-ақ, облыс, Республика, тіпті Халықаралық көлемде талайдың таңдайын қақтырып жүргені хақ.

Сөзіміздің дәлелі ретінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ақпан айының 20 жұлдызы мен наурыздың 5-і аралығында  Жітіқара ауданының мәдинет үйінде өткен көрме жайлы айта кеткеніміз жөн болар. Аталмыш көрмеде институтымыздың оқытушысы Мирамгүл Ордашева мен сегіз қырлы, бір сырлы студент Инабат Жұматаеваның суреттері жұрт назарына ұсынылды. Отан, ерлік, батырлық, патриоттық тақырыбын қамтыған 30-дан астам туынды Жітіқара ауданының халқын өзінің жаңашылдығымен, көрнекілігімен, бояулар қанықтылығымен баурап ала білді.

Көрмеге жиналған қауым қылқалам шеберлеріне сарқылмас шабыт тілеп, «ҚМПИ қабырғасынан ат басын бұратын қандай өнерпазға болмасын құшағымыз айқара ашық»,-деп ағынан жарылды. Айта кетерлік жайт, Мирамгүл Жонысбекқызының көркем көрмелері Қостанай, Теміртау, Алматы, тіпті, Челябі қалаларында да үлкен аншлагпен өтеді. 2017 жылдың 13 наурыз күні Қостанай ауданының №1 Затобол мектеп-гимназиясының қабырғасында көрмесі ұйымдастырылды. Тек қана мектеп ұстаздары мен оқушылары ғана емес, халық та көрмені қызығып тамашалауда. Аталмыш көрме наурыз айының соңына дейін жалғасатын болады. Біз өз кезегімізде өнерпаздарға шығармашылық табыс тілейміз.

 

20 02 05 03 vist 2

20 02 05 03

-

13 03 2017

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы «Отанының келбетін жүрегімен бейнелеп...»