Қостанай педагогикалық институтының тұңғыш ректоры дәрісханасының ашылуы
- Подробности
- Опубликовано: 16 октября 2015
2015 жылғы 16 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында педагогикалық институттың тұңғыш ректоры Дәулет Ақниязұлы Ибраев атында дәрісхана ашылды. 1939 жылдың 21 тамызында Қостанай атқарушы облыстық кеңесі Президиумының шешімімен «Қазақ педагогикалық колледжі базасы құрамында Қостанай мұғалімдер институтын құру туралы» қаулы қабылданып, институт директоры болып Қазақ КСР еңбегі сіңген мұғалім Дәулет Ақниязұлы Ибраев тағайындалды. Студенттерді оқыту екі факультетте жүргізілді: жаратылыстану-география және физика-математика. Одан кейін Д.А.Ибраев ұзақ жылдар бойы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының түлектері, Д.А.Ибраев шәкірттері, институттың профессор-оқытушылық құрамы мен студенттері жиналды.