«Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысушы студенттерге сертификаттарды тапсыру
- Подробности
- Опубликовано: 25 ноября 2015
«Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысушы студенттерге сертификаттарды тапсыру
25 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысушы – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.
Ұлт Көшбасшысы Кітапханасы білім беру жобаларының қатысушылары «Ұлт жоспары – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсынан өткен болатын.
Ұлт Көшбасшысы Кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев студенттерді семинар-тренингті ойдағыдай аяқтағандарымен құттықтап, оқулары мен болашақтағы еңбек қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар сертификаттарды тапсыру рәсіміне педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Галиябану Кертаева да қатысты. Жобаға қатысушылар семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
- «Мен бұл қалада алғаш рет болып тұрмын. Маған бәрі өте ұнады, алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Семинар-тренингтен өзімізге керекті тың мәліметтер алдық. Мен болашақта біздің Егемен Қазақстанымыз одан әрі гүлденеді деген ойдамын және біз – жастар еліміздің көркеюіне атсалысып, Қазақстанның дамуына бар күш-жігерімізді салуымыз керек.
«Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған. Дәрістерді атақты отандық ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар оқыды.
Семинар-тренингке қатысушылар институтқа келгеннен кейін, курстан алған әсерлерімен студенттермен бөлісіп, бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша жұмыстардың басты бағыттары жөнінде әңгімеледі.