«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің»
- Подробности
- Опубликовано: 04 декабря 2015
2015 жылдың 4 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ҚМПИ бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» негізгі мақсаты - 2016 жылы оқуын тәмамдайтын студенттердің практикадан өту орындарын анықтау және алдын-ала жұмыспен қамту. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» Қостанай қаласының білім бөлімінің, Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаментінің, бес аудандық білім бөлімінің өкілдері және облыстық мектеп директорлары қатысты.
«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» аясында «Педагогикалық мамандықтар түлектерін даярлау және жұмыспен қамту жолдары және шешімі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында төменде көрсетілген мәселелер қарастырылып, талқыланды:
• модульдік білім беру бағдарламаларын құру; жұмыс берушілердің ұсынысы негізінде;
• шағын кешенді мектептерде білім сапасын арттыру жұмыстарының ұйымдастырылуы;
• Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шағын кешенді мектептермен байланысы туралы;
• білім гранттары негізінде білім алатын түлектерді жұмыспен қамту ережесіне қойылатын талаптар;
«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінің» екінші бөлігінде студенттер жұмыс берушілермен кездесті. 4 курс студенттері Қарасу, Қостанай, Федоров, Әулиекөл, Амангелді аудандарының және Қостанай қаласының білім беру бөлімдерінің өкілдерімен жүздесті. Аудандық білім беру өкілдері 2015-2016 жылындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынды. Студенттерге аталмыш ақпарат деканат арқылы жеткізілді.
ЖОО түлектерін жұмыспен қамту – ЖОО, жұмыс берушілерді, мемлекет, отбасы және түлектің өзінің бірлесуін қажет ететін ауқымды мәселе. Жыл сайын ҚМПИ белгілі бір мамандықтың иесі атану мақсатында талапкерлер келеді. Демек, 4 жылдан соң мемлекет педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету міндеттерін ақтайтын құзыреттілігі жоғары маман күтеді.
Сондықтан түлектерді даярлау жүйесінің негізгі мәселесі ЖОО жұмыс берушілермен өзара әрекеттестігі және түлектерді жұмыспен қамту жолында қолдау көрсету.
Дөңгелек үстел жұмысына педагогтар, ғылым және педагогика қызметкерлері, институттың кафедра меңгерушілері мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты педагогикалық ЖОО және Қостанай облыстық білім Басқармасының және білім беру мекемелерінің түлектерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстарын реттеу.
Дөңгелек үстел барысында төменде көрсетілген мәселелер қарастырылды:
1. Модульдік білім беру бағдарламаларын құру жолдары
2. Тірек мектептердің (ресурстық орталық) шағын кешенді мектептерде білім сапасын арттырудағы рөлі
3. Ауылдық шағын кешенді мектептердің заманауи жағдайдағы қызметі
4. Білім гранттары негізінде білім алатын түлектерді жұмыспен қамту ережесіне қойылатын талаптар.
Педагогикалық мамандықтар түлектерін даярлау және жұмыспен қамту жолдарын және шешімдерін талқылаған дөңгелек үстел қатысушылары ҚМПИ – дың Қостанай әкімдігі білім Басқармасының құрылымдық бөлімдерімен мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің негізінде:
• модульдік оқыту бағдарламасын құру жұмысын жетілдіру, біліктілік деңгейіне сай мұғалімдердің қажеттілігін ескеріп, мамандануға сәйкес педагогтарды даярлау жүйесі жасалсын;
• ЖОО білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын, кәсіптік практика бағдарламаларын, элективтік және бейіндік пәндер бойынша оқу жұмыс жоспарларын, ШКМ мәселесіне арналған оқулықтар мен оқу құралдарын, элективтік пәндер каталогтарын даярлауға жоғары санатты педагогтар тартылсын;
• болашақ педагогтарды даярлау және оларды жұмыспен қамту мәселесіне қатысты білім мекемелерімен өзара байланыс нығайып, әдістемелік семинарлар, конференциялар, және дөңгелек үстел жұмыстары ұйымдастырылсын;
• барлық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына «Шағын кешенді мектеп жағдайында оқыту әдістемесінің ерекшеліктері» пәні енгізілсін деген шешімге келді.