«Жалынды жастар арасындағы үндестік»
- Подробности
- Опубликовано: 28 марта 2017
Қазіргі таңда ЖОО-ның студенттері арасында достық қарым-қатынас жақсы белең алуда. Соған дәлел, үстіміздегі жылдың 28-наурызы күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының Студенттер Кеңесі толық құрамда ат басын бұрып, институтымыздың белсенді жастарымен кездескен болатын. Кездесу барысында ЧелМУ ҚФ белсенділері білім ордамыздың мұражайларымен, кітапханасымен, акт залы және басқа да зертхана, дәрісханалармен жақынырақ танысты.
Институт қабырғасында жұмыс істейтін үйірмелердің жұмысына тәнті болып, дастархан басында студенттер өзара пікір алмасып, кәсіби шеберліктерімен бөлісті. Жастарды мазалаған сұрақтар көтеріліп, қос тараптың белсенділері өз ойларын айтып, мүмкін болатын шешу жолдарын ұсынды. Әдемі әзіл мен сүбелі де салмақты ойлар айтылған кездесу екі жақтың студенттерінің достықтарының нығаюына мол септігін тигізді. Кездесу соңында ЧелМУ ҚФ белсенділері ҚМПИ студенттерін қонаққа шақырып, жақсы көңіл күйде тарқасты.