ҚМПИ-да 5-8 сынып оқушыларына арналған математика және информатика пәндері бойынша Юниор олимпиадасы өтті

Ағымдағы жылдың 12 қазанында ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және академиялық ұтқырлық орталығы «Қостанай-Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып облыс мектептеріндегі дарынды оқушылардың 5-8 сынып оқушыларына арналған математика және информатика пәндері бойынша Юниор олимпиадасын өткізді. Олимпиада ҚМПИ-ның қабырғасында өтті. Олимпиадаға 101 оқушы қатысты, оның 12 ауданнан және қалалардан , сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары.

ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамасы қазылар алқасы ретінде белсенді қатысты. Олимпиада жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми – әдістемелі деңгейде өтті. Қатысушылар пәндер бойынша жоғары функционалдық сауаттылықты қалыптастыру деңгейін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының атынан дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы ҚМПИ-да 5-8 сынып оқушыларына арналған математика және информатика пәндері бойынша Юниор олимпиадасы өтті