Институттың ҰЖ мүшелері оқыту семинарына қатысты
- Подробности
- Опубликовано: 28 августа 2017
2017 жылдың 28 тамызында ҚМПИ бақылау кеңесінің мүшелері Білім басқармасы әкімдігінің «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры - Искандирова Татьяна Николаевна, «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБА институтының директоры - Слесарь Марионелла Васильевна, Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры- Сапаков Думан Набильевич бақылау кеңесінің мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ ұйымдастырды. Іс-шара Гумилев Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.
Семинар стратегиялық жоспарлау және қаржылық менеджментіне арналды. Іс-шара шеңберінде басқарушылық кадрларды даярлау бойынша оқу бағдарламалары ұсынылды. Шақырылған спикерлердің арасында Стивен Хайген (Ұлыбритания) Semantica Ltd жоғары білім беру саласындағы консалтингтік компанияның негізін қалаушы және директоры сөз сөйледі. Өз дәрісін Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы стратегиялық жоспарлау ерекшеліктеріне арнады. Семинарға қатысушылар далалық зерттеулер мен ең үздік халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау негізінде әзірленген кейстермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара атаулы сертификаттарды табыстаумен аяқталды.