Корпоративтік хатшыларға арналған семинарға қатысу

2017 жылдың 17 - 18 тамызы аралығында ҚМПИ бақылау кеңесінің хатшысы Козыбаева Махаббат Мәлікқызы қадағалаушы кеңестің хатшылары мен корпоративтік хатшыларға арналған семинарға қатысты. Семинар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауыменен «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ «Топтық басқаруды тағайындаудың жаңа қағидаларын ескере отырып, корпоративтік басқару органдарының қызметін бақылау және бағалау» жобасы шеңберінде өткізілді. Семинардың мақсаты: корпоративтік хатшы институтын қалыптастыру және табысты жұмыс істеуі, оның негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері, жоғары оқу орындарында тиімді корпоративтік басқару жүйесін құрудағы рөлі туралы қатысушыларды шетелдік тәжірибемен таныстыру.

Іс-шараға Қазақстандағы 30-дан астам жоғары оқу орындарының НСА-ның бақылау кеңес хатшылары мен корпоративтік хатшылары қатысты. Семинардың басты спикері ретінде «Governance & Management Consulting» ЖШС директоры, тәжірибелі бизнес – жаттықтырушы Ахметова Градислава сөз сөйледі. Семинарға қатысушылар корпоративтік басқару шеңберінде Қазақстандағы жоғары білімнің өзекті мәселелерін және олардың шешімдерінің мысалдарын көтерді, талқылаулар мен диалогтарға белсене қатысты. Семинар соңында қатысушыларға атаулы сертификаттар табысталды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Корпоративтік хатшыларға арналған семинарға қатысу