Элит Оптика біздің университетте

2019 жылдың 18 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің медициналық пунктінде, «Мисс ҚМПУ 2019» сұлулық байқауының демеушілерінің бірі, көз линзаларын сатумен айналысатын «Элит Оптика» компаниясы университет қызметкерлері мен студенттерін тегін қабылдап, құрылғылар арқылы көздерін тексеріп, кемшіліктерін анықтап, линзаларға кеңес беріп, өз тауарларын ұсынды.

Іс-шара ұйымдастырушылары Әлеуметік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма. Кәсіби офтальмолог мамандар көз гимнастикасының жаттығулары жайлы, көз ауруларының, оның нашар көруінің алдын алатын дәрумендер жайлы толық ақпарат берді. Көзіңізге сапалы линза іздесеңіз, «Элит Оптика» есігі сіздер үшін әрдайым ашық.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Элит Оптика біздің университетте