Гурская Ирина Федоровна
- + Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы
- + Лауазымы: аға оқытушы
- + Ғылыми дәрежесі: -
Гурская И.Ф. 1958 жылы туған. 1980 ж. КСРО 50-жылдық атындағы Қостанай педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін бітірген. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Туризм» маманадығы бойынша білім алған.
Оқу бітірген сон Арнайы өндірістік техникалық училищесі-128 мекемесінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарды, Затобол кентінде сурет галереясының меңгерушісі, Қостанайдағы көркем көрме залында өнертанушы болды.
2005 жылдан бастап ҚМПИ туризм және спорт кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.
Студент кезенінде ол «Родник» туристік клубында спорттық туризммен белсенді түрде айналысып, Қостанай облыстық туризм және спорт кеңесінде экскурсиятану курсын аяқтады.
Институтты бітіргеннен кейін белсенді туристік іс-әрекеттерін жалғастырды: туристік-өлкетанудың аймақтық және республикалық жарыстарына қатысып, 3-4 қиындық санатындағы туристік тау маршруттарынан өтуге қатысып, тау туризмі бойынша арнайы нұсқаушы мектебін, туризм бойынша Республикалық кеңес жанында Алматы қаласында 1986 жылы бітірді.
1987 жылы Гурская И.Ф. жоғары санатты саяхатшы белгісіне ие болды.
2003 жылы ҚР Спорт және туризм агенттігінің «Қазақстан Республикасының құрметті туризм нұсқаушысы» төс белгісімен марапатталды.
Келесі пәндерді оқытады: «Туристік-өлкетану жұмыстарының негіздері», «Экскурсиятану», «Әлемдік мұраның мәдени ескерткіштері», «Іскерлік қатынас негіздері», «Туризм инфрақұрылымы», «Жарнамалық-көрме іс-шаралары».