Кудрицкая Марина Ивановна
- + Филология департаменті
- + Лауазымы: қауымдастырылған профессор
- + Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты
1965 жылы туған. 1982 жылы Қостанай қаласының №17 мектебін бітірген. 1982-1987 жылдар аралығында КСРО 50-жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтының шет тілі факультетінде оқыған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан, факультетттік қабырға газетінің редакторы болған (жылына 2,5 ватмандық көлеммен 10-11 баспа шыққан). Л.Н. Толстой (4 курс) және В.И. Ленин (5 курс) атындағы атаулы шәкіртақынымен марапатталған. 1985 жылы педагогикадан республикалық олимпиаданың екі номинация бойынша жеңімпазы болған (78 қатысушылар арасында). 1986 жылы ЦК ВЛКСМ-нің «Оқу үлгерімі үшін» белгісімен марапатталады. 1987 жылы институтты үздік тәмамдап, педагогика кафедрасының ағылшын тілі мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша оқыту практикасы, үйде оқыту, практикалық фонетика, практикалық грамматика пәндерінен сабақ берді. 1994 жылдан аға оқытушы, 1 курс мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі, 1997 жылдан ағылшын тілі кафедрасының доценті, ағылшын тілінің тарихы курсының лекторы және семинарлық-практикалық сабақтар жүргізді. 1997-2001 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде сырттай аспирантурада оқып, 2002 жылы 130002 «Тәрбие жұмысының әдістемесі және теориясы (Бастапқы, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі роман-герман және түрік тілдері)» мамандығы бойынша «Ағылшын тілінің практикалық сабағында видеоматериалдарды қолдану әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
- 2002 жылдан шет тілдерін оқыту әдістемесі курсының лекторы. 1999-2000 жылы ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі болып, 2004-2009 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шетел тілдері факультетінің деканы болып қызмет істеді.
- 2003 жылы Новосибирск қаласында өткен Халықаралық «Учсиб-2003» оқыту технологиялар көрмесіне қатысып, Кудрицкая Марина Ивановнаның видеоматериал қолдануымен жасалған шетел тілінен сабақ моделі Кіші алтын медалмен және көрме Дипломымен марапатталды.
- 2007-2008 жылдар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Италияның Болонья қаласындағы Университеттердің Ұлы Хартиясы мәлімдемесіне қол қоюға тапсырыс беруге арналған құжаттарын ағылшын тіліне аудару бойынша үлкен жұмыс атқарды. 2008 жылдың қыркүйек айында Италияның Болонья қаласындағы Университеттердің Ұлы Хартиясының 20 жылдығына арналған Халықаралық конференцияға ҚМПИ делегациясы құрамында қатысты.