Сивохин Иван Павлович
- + Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы
- + Лауазымы: аға ғылыми қызметкер
- + Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы
Сивохин Иван Павлович 1957 жылы туған, білімі жоғары педагогика ғылымдарының докторы, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауыр атлетикадан спорт шебері, Азия ауыр атлетика Федерациясының (AWF) Халықаралық ғылыми-әдістемелік комиссиясының мүшесі, халықаралық дәрежедегі төреші.
Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтын үздік бітірді. 1985-1988 жылдары Ленин институтында Мемлекеттік Орталықта күндізгі бөлімде аспирантурада оқыды, 1990 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.
Сивохин И.П. «Жоғары білікті спортшыларды даярлау үдерісін басқару» және «Оқитын жастардың денсаулығы мен мінез-құлқы» атты екі өзекті бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізеді. Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша 75 ғылыми және әдістемелік мақалалар мен 3 оқу құралы жарық көрді. Ұлттық және халықаралық конференцияларға белсене қатысады. Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Моңғолияның мамандарымен бірлескен ғылыми және білім беру жобаларына қатысады.
Ол ҚР 15 спорт шебері, 7 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындады, оның ішінде 6 адам ауыр атлетикадан Азия және әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері атанды. Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы мен кеңесші тренер ретінде белсенді түрде жұмыс істейді және Азия, Әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары үшін Қазақстан құрамасының ауыр атлеттерін оқытудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуіне жауапты.
2013 жылдың желтоқсан айында дене тәрбиесі және спорттық дайындық мәселелері бойынша ғылыми-білім орталығының бастығы Сивохин И.П. редакциясымен Қазақстан Республикасының ауыр атлетикасының 75 жылдығына арналған жаттықтырушылардың алғашқы республикалық ғылыми-практикалық семинардың материалдары жарыққа шықты, материалға 20-дан астам Қазақстан Республикасы және жоғары білікті ауыр атлеттердің дайындық жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелері негізінде ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар ұсынылды.
Иван Павлович халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды және Азия және әлем чемпионаттарына қатысады, сонымен қатар 2008 жылы Пекин қаласындағы ХХIХ Олимпиада ойындарында және 2012 жылы Лондон қаласындағы XXX Олимпиада ойындарына төрешілік етті.
Сивохин Иван Павлович ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының кешенді ғылыми тобының жетекшісі.