Білім басқармасының кеңейтілген алқасы
- Подробности
- Опубликовано: 10 марта 2017
2017 жылдың 10 наурызында сағат 15:00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында облыс әкімі Мухамбетов А.Б. және аудан, қала әкімдері және олардың орынбасарларының, білім бөлімдері басшыларының, мемлекеттік органдар басшыларының, ЖОО ректорларының, педагогикалық әлеуметтің қатысуымен білім басқармасының алқалығы өткізілді. Алқалық отырысқа 450 астам адам қатысты. Алқалық отырысының жұмысы Казақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында білім беру сапасын дамытуға арналған мәселелерге арналды, білім саласы халықтың экономикалық әл-ауқатын арттырудың жаңа моделі ретінде танылды.
Алқалық отырыс барысында білім жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды, олар:
- 11 сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау тапсыру жүйесінің өзгеруі: мәселелері, болашағы;
- Үштілдік білім беруді ендіру, мектеп пен ЖОО үштілдік білім беру жүйесіне көшудегі дайындық деңгейі;
- Ақысыз кәсіби білім беруді жетілдіру; т.б. мәселелері жетілдіру т.б.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы алқалық отырыста сөз сөйледі. Ол білім беру жүйесінде орын алған мектеп пен ЖОО өзара байланысы жөніндегі мәселелерге тоқталды. Ректор «Биология», «Химия», «География», «Математика» мамандықтары бойынша ағылшан тілінде сабақ жүргізу құқығына ие болатын педагогикалық кадрларды даярлау мәселесіне тоқталды. Аталмыш мәселе бойынша туындайтын қиындықтарға және даму болашағына назар аударды.
Соңғы жылдар барысындағы институт жетістіктерін жеткізді: институттың оқыту жоспарын дамыту және толықтыру арқылы Орта Азияда жоғары білімге қол жеткізу, жетілдірудің ACADEMICA халықаралық жобасына және ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асырылатын ғылыми жобаларға қатысуы және шалғай шетелдік ЖОО келісім-шарт жасасуы.