Лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне министрлік тексеру
- Подробности
- Опубликовано: 14 апреля 2017
2017 жылдың 10-14 аралығында сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің тарапынан институтымыздың лицензиялық талаптарының университет деңгейіне лайықтығын анықтау мақсатында тексеріс өткізілді.
Комиссия ҚР БжҒМ, білім саласын бақылау департаментінің өкілдерінен, озық университтердің декандары, кафедра меңгерушілері, профессор, доценттерінен құрылды.
Тексеріс барысында комиссия мүшелері институт құжаттамаларын, студенттер тізімін, профессорлық-оқытушылық құрамның жеке істерін қарастырды. Институттың материалдық-техникалық базасы, аудиториялар, шеберханалар, спорттық база, лабораториялық база, ақпараттық-кітапханалық қормен танысты. Комиссия мүшелері модульдік білім бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларының жоғары білім берудің мемлекеттік стандарты және үлгілік оқу жоспарына сәйкестігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, соңғы бес жыл барысында профессорлық-оқытушылар құрамының біліктіліктерінің арттырылуына байланысты ПОҚ сертификаттарымен танысты.
Комисиия мүшелерінің бес күндік жұмыс нәтижесі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қызметі жөніндегі анықтамасында белгіленді. Барлық көрсеткіштер бойынша біздің ЖОО лицензиялық талаптарға сәйкес, институт ұжымы магистрлік бағдарламалар бойынша білім беруді жүзеге асыру лицензиясына қол жеткізу үшін «педагогикалық университет» ресми мәртебесін күтуде.