Қостанай облысы бойынша Әділет департаментінің өкілдерімен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 01 февраля 2017
2017 жылғы 1 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер әділет департаментінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінің бастығы Ринат Куанышбаевич Капышев және бөлім маманы Азамат Ақылбекұлы Жақсылық болды. Аталған кездесу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Жобасы. Сонымен қатар кездесу барысында Ринат Куанышбаевич заң жобасының негізі мен мақсаты туралы да айтып өтті.
Заң жобасының басты мақсаттары: ЭЫДҰ мемлекеттерінің (АҚШ, Германия, Франция және Швейцария) тәжірибесіне сүйене отырып, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру; ғылыми-техникалық ілгерілеу мен еркін бәсекелестікті дамыту; құқық қолдану практикасын есепке ала отырып, құқықтық кемшіліктерді жою; әкімшілік тосқауыл құратын нормаларды алып тастау (бір деңгейлі тіркеу жүйесіне көшу және шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету); құқықтық нормаларды патенттік құқық жөніндегі шартқа (2011 жылғы 2 мамырдағы ҚР Заңымен ратификацияланды) және Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына сәйкес келтіру (2012 жылғы 8 сәуірдегі ҚР Заңымен ратификацияланды).