Ибраева Рахима Жаудановна
- + Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы
- + Лауазымы: қауымдастырылған профессор
- + Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты
Ибраева Рахима Жаудановна - педагогика ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, ҚР спорт шебері., жоғары санатты жаттықтырушы, ұлттық санатты төреші.
Ибраева Р. Ж. 1953 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі-жоғары, тұрмыста.
Ибраева Р. Ж. 1970 жылы Қорған облысының Редькин орта мектебін бітірді. 1972 жылдан 1976 жылға дейін Қостанай педагогикалық институтында оқыды. Осы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Урицкий ауданының Маяк орта мектебіне дене шынықтыру мұғалімі болып жіберілді және 1983 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде бұл мектепті спорт бойынша көшбасшыға шығарды. Мектеп аудан және облыс бойынша жеңіл атлетика, баскетбол, шаңғы жарысы бойынша бірінші орындарды иеленді.
1978 жылдан бастап Маяк орта мектебінің мұғалім ұйымының комсоргы болып сайланды. Ол ауданның ең үздік комсоргтарының бірі болды. 1982 жылы 14 мамырда КСРО Білім Министрлігінің және БЛКЖО ОК Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқаны және жастармен жақсы жұмысы үшін Рахима Жауданқызы 1980 ж. Мәскеу қаласына жазғы Олимпиадаға комсомолдық жолдамамен марапатталды.
1981 жылдың 17 маусымында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Еңбек ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Р. Ж. Ибраева 1993 жылғы 9 маусымда "Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі"төс белгісімен марапатталды.
1993 жылдан 2000 жылға дейін Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков орта мектебінде жұмыс істеді. Бірнеше жыл мұғалімдер ұжымдарында кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды және 2000 жылы"Облыстың үздік кәсіподақ көшбасшысы" деп танылды.
2001 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылға дейін Р.Ж Ибраева. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде спорт кешенінің директоры болып жұмыс істеді..
2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен Рахима Жаудановна Ибраеваның "Педагогика"мамандығы бойынша Доцент ғылыми атағы берілді.
Жұмыс істеген жылдары Р. Ж. Ибраева халықаралық дәрежедегі спорт шебері У. Посовец және ҚР екі спорт шебері А. Адушкин және Т. Попова жазғы полиатлон бойынша дайындады. Жеңіл атлетика бойынша СШК: Шибицкий К., Артемов Д., Сигизбаев Ж., Жарков М., Васильева М. Өзінің педагогикалық жұмысын Р. Ж. Ибраева ғылыми-әдістемелік жұмысымен ұштастырады. Ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалалары мерзімді басылымдарда, ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында және ғылыми еңбектер жинақтарында жарияланды, Оқу құралдары мен сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалды және басып шығарылды. 2005 жылы Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетінің Теориялық дене тәрбиесі негіздері кафедрасының аспирантурасын бітірді.
Орал мемлекеттік дене шынықтыру университетінің диссертациялық кеңесінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен Р.Ж. Ибраеваға педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Р.Ж.Ибраева оқушыларды тәрбиелеу және спортшыларды Қазақстан Республикасының құрама командасына дайындау бойынша ұзақ және жемісті жұмысы үшін 2006 жылдың 20 қазанында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мерейтойлық белгісімен марапатталды.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Р.Ж.Ибраева Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жұмыс істейді.