Шетел тілдері бойынша Халықаралық студенттік олимпиада 25 - 26 сәуір 2019 ж. Құрметті студенттер! Сіздерді шетел тілдері бойынша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз. Оимпиаданың мақсаты мәдениетаралық интеграция жағдайындағы шетел тілдерін оқу мотивациясын арттыру болып табылады. Олимпиаданың Ұйымдастырушысы: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультеті. Олимпиадаға қатысуға Қазақстан, жақын және алыс шетел жоғарғы оқу орындарының 2-4 курс студенттері шақырылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге 2019 жылғы 26 сәуірде «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» (бұдан әрі – Конференция) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференцияда инклюзивті білім берудің дамуына байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады.
2019 жылы 22 ақпанда Астана қаласындағы «Тұран Астана» университетінің базасына ҰЛТТЫҚ РУХАНИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАР тақырыбында жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің 10-шы Жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық конференциясы болады.
2019 жылдың 31 қаңтарындаЫ. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогиалық институты«Білім берумазмұныныңжаңаруы мен жаңғыртуы жағдайындағы бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау» тақырыбында «Алтынсарин оқулары-2019»Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясыніштей өткізеді.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2019 жылдың 18-ші қаңтар күні, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуевтің 80 жылдық мерейтойы және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де тарих мамандығының қалыптасуына орай ұйымдастырылатын «ОТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТАНУЫ МЕН ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға шақырады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2018 ж. 25 желтоқсанда VІ Нүсіпбеков оқулары аясында академик Ақай Нүсіпбековке арналған «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 2018 жылы 27-28 қарашасында өтетін «Қазақтың ұлттық коды - төл жазу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
2018 жылдың 22 қарашасында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында академик Қажым Жұмалиев мұрасына арналған «ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтеді
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2018 жылдың қараша айының 16 күні «Үштілділік-бәсекеге қабілеттіліктің негізі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Сіздерді 2018 жылдың 16 қарашасы күні өтетін «Қозыбаев оқулары-2018: жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан және Ресей аймақтарының жаңа даму мүмкіндіктері мен Еуразиялық әлеуеті» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: Пушкин к., 86, бас корпус, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ акт залы.