Кабинет нөмірі 811
Кабинет алаңы 47,2 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж

Оқу аудиториясы топырақ географиясы топырақтану негіздерімен, ландшафттану пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған. Зертханалық сабақтарда студенттер топырақтың механикалық құрамын анықтайтын арнайы құралдарды (топырақ үлгілері, колбалар, електер, ерітінділер және т.б.) пайдаланады, кеппе шөп зерттейді.  Далалық практика кезінде студенттер жинаған материалдарды сабақтарда қолданады.

Кабинет нөмірі 720
Кабинет алаңы 49,6 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж.

Өсімдіктер физиологиясы бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ студенттердің жазғы оқу практикасында эксперименталды және зерттеу жұмыстарын, бітіру біліктілік жұмыстарын қоюға арналған. Осы зертханада студенттер өсімдік клеткаларын зерттеу, өсімдіктің су алмасуы, минералды тамақтану, фотосинтез, өсімдіктердің тыныс алуы, олардың ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін анықтау бойынша бірнеше жұмыстар жүргізеді.

Кабинет нөмірі 701
Кабинет алаңы 51,6 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж

Дәрісхана адам анатомиясы мен физиологиясын, ағзалардың құрылымын, жалпы ағзаны, ағзаның тіршілік әрекетін зерттейді. Сонымен қатар, зертхана адам ағзалары мен жүйелерінің анатомиялық үлгілерімен жабдықталған. Адамның анатомиясы мен физиологиясы бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ студенттердің эксперименталды және зерттеу жұмыстарын өткізуге арналған.

Кабинет нөмірі 725
Кабинет алаңы 67,5  ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 1980 ж

Оқу аудиториясы - омыртқасыз зоология зертханасы Омыртқасыз зоология, Топырақ зоологиясы, Энтомологияға енгізу пәндері бойынша аудиториялық, зертханалық және семинарлық сабақтар жүргізуге қызмет етеді, сондай-ақ оқу дала практикалары кезінде сабақтар мен материалдарды өңдеу, курстық және өздік жұмыстарды қорғау және т. б. мақсаттар үшін қолданылады.

Зертханада сору шкафы, оқу және ғылыми коллекцияларды сақтауға арналған стеллаждары және препараторлық үй-жай бар. Сабақтар заманауи зертханалық жабдықтарды (бинокулярлық микроскоптар, ИТК арналған жабдықтар), өңірлік фаунасы бойынша коллекциялық материалдарды, экспозицияларды, фото - және бейнематериалдарды, плакаттар мен схемаларды пайдалану арқылы өткізіледі.

 

Кабинет нөмірі 714
Кабинет алаңы 50,1 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж.

Оқу аудиториясы - геграфияны оқыту әдістемесі, картография және топография негіздері пәндері бойынша дәріс, практикалық сабақтар өткізуге арналған. . Практикалық сабақтарды өткізу кезінде студенттер География кабинетінің жабдықтарын, геоморфологиялық, геологиялық макеттерді, сондай - ақ геодезиялық құралдарды-теодолит, невелир қолданады.

Кабинет нөмірі 718
Кабинет алаңы 50,6 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж

Aудиторияда Қолданбалы биология, Биологияны оқыту әдістемесі пәндері оқу сабақтары өткізіледі. Семинар сабақтары аясында студенттер Биология сабағында компьютерлік технологияларды қолдана отырып, білім беру үдерісінің жаңартылған мазмұны бойынша сабақтар әзірлейді. Кабинетте оқу пәндерін саралап оқыту үшін күрделі дәрежеде қажетті дидактикалық материалдар бар.

Кабинет нөмірі 705
Кабинет алаңы 49,1  ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 1980 ж

Омыртқалы зоология зертханасы омыртқалы зоология, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері, эволюциялық ілім, қорғалатын және бұзылған аумақтар, табиғи ортаның мониторингі және қалпына келтіру бойынша зертханалық сабақтар өткізуге арналған. Бұдан басқа, мұнда далалық тәжірибе кезінде жиналған материалды камералдық өңдеу жүзеге асырылады. Аудиторияда көрнекі құралдар бар: ылғалды препараттармен, жануарлардың тұлыптарымен, омыртқалы жануарлардың зоологиясы бойынша остеологиялық жиынтығымен ұсынылған.

Кабинет нөмірі 814
Кабинет алаңы 67,4 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж

Оқу зертханасы геология, жалпы жертану пәндері бойынша зертханалық, практикалық сабақтар өткізуге арналған. Студенттер тәжірибелік және зертханалық сабақтарда геологиялық процестердің макеттері, минералды-коллекциялық материалдарды, пайдалы қазбалар коллекцияларын пайдаланады.

Кабинет нөмірі 724
Кабинет алаңы 49,9 ш. м.
Кабинеттің ұйымдастыру күні 2004 ж.

Зертханада өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің систематикасын зерттеуге арналған. Зертханада ботаникалық цикл бойынша пәндер және ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Мұнда студенттер кеппешөпті кептіреді және өңдейді, далалық практика кезінде және жеке ғылыми жобаларды орындау нәтижесінде экскурсияларда жиналған өсімдіктерді зерттейді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Кафедры