Университеттің волонтерлері байқауды жеңіп алды!

-

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 2017 жылдан бастап «Әлеуметтік қызмет» жобасы іске асырыла бастады. Бұл жобаның негізгі аспектілерінің бірі студенттер мен оқытушылардың волонтерлік жұмысы болды. Волонтерлік қозғалыс жастардың мәдени, экономикалық және қоғамдық өмірге қатысуының тиімді механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады. 2018 жылдың қараша айында Балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауыменен «Мен - волонтермін!» жобасы бойынша «Қостанайдың үздік волонтері» байқауын өткізді.

2018 жылдың 29 қарашасында байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары салтанатты түрде марапатталды. Біздің университетіміздің 17 өкілі осы марапатқа ие болды.

Университеттің психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасының оқытушысы Ермағанбетова Ақбота Жаналыковна Қостанай қаласының үздік волонтері болып танылды.

Университеттің психологиялық-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасының оқытушысы Асия Қыкпаевна Бекеноваға алғыс хат табыс етілді.

Жаратылыстану - математикалық факультетінің студенттері Мұрат Сатенов және Байекенов Сауат алғыс хаттармен марапатталды.

Әлеуметтік-гуманитарлық факультетте волонтерлік жұмысын ұйымдастырудың деңгейі жоғары, студенттердің әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысуы факультеттің студенттері тарапынан 13 алғыс хат алды. Марапатталғандардың арасында 2 және 4 курс студенттері Балтабекова Айдана, Бидалов Айдар, Бисекеева Асем, Захаров Артем, Идрисова Айдана, Қаратаев Әділхан, Лепетя Дмитрий, Макамбетова Эльвира, Потемкин Иван, Райский Артем, Сикиров Абильхайр, Скерсис Владимир, Шалгимбаев Дияз.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Университеттің волонтерлері байқауды жеңіп алды!