ЖОО – мектеп дуальды білім беруді іске асыру
- Подробности
- Опубликовано: 27 января 2020
Кадрларды дайындау жүйесі мен еңбек нарығы талаптарының өзара әрекеттесу өзектілігін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов 2020 жылдың қаңтарында тағы бір рет атап өтті. Қазіргі уақытта кадрларды даярлау үрдісіне жұмыс берушілер белсенді қатысуда, кәсіби стандарттардың жаңа буыны қалыптасуда, дуальды оқыту элементтері, инновациялық білім беру технологиялары ендірілуде.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының алдында тұрған еңбек нарығының талаптары мен кадрларды даярлау жүйесінің арасындағы алшақтықты жою мәселелерін шешу үшін «Информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар» кафедрасы мен «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі арасында дуалды білім беруді енгізу туралы келісім жасалды. «Информатика» және «Информатика, робототехника және жобалау» білім беру бағдарламалары үшін оқу жоспарлары құрылды, онда дуалды оқытуға арналған пәндер анықталған.
20 қаңтардан бастап осы білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері «Білім беру робототехникасы» және «Сандық білім мен ресурстарды жасау мен білім беру» пәндерін мектеп қабырғысында, яғни өндірісте оқи бастады. Теориялық дайындықты кафедра оқытушылары жүргізетін болса, олармен қатар практикалық сабақтар «Озат» мектебінің мұғалімдері жүзеге асырады.