Әдістемелік семинар «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі»

2020 жылдың 22 қаңтарында Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында көптілділік орталығының меңгерушісі Абишеваның қатысуымен «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинардың мақсаты: барлық мүдделі тараптармен жаратылыстану ғылымдары кафедрасының арнайы пәндерін ағылшын тілінде оқытудың 8 жылдық тәжірибесін талқылау.

Семинар аясында мемлекеттік тілде кадрлар даярлау, студенттер мен профессорлар-оқытушылар қауымының шет тілдерін меңгеру мәселелері талқыланды. Жыл сайын көптілді білім беруді дамыту және лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында университетте профессор-оқытушылар қауымы мен студенттерге арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қосымша үйрену бойынша тегін курстар ұйымдастырылады. Көптілді білім берудің білім бағдарламалары әрбір білім алушының кітапханалық қорлар мен деректер базасына еркін қол жеткізуімен, барлық пәндер бойынша және барлық сабақ түрлері бойынша әдістемелік құралдар мен нұқаулардың болуымен, сондай-ақ көрнекі құралдармен, аудио және бейнематериалдармен, оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз ету арқылы іске асырылады. Семинарда семинардың модераторы, профессор О. В. Бородулина, көптілділік орталығының жетекшісі Абишева С. К., профессор Т. М. Брагина, М. А. Губенко, ҒЗО бастығы М. А. Бобренко, каф. меңгерушісінің м.а. Баубекова Г.К. сөз сөйледі.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Әдістемелік семинар «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі»