Студенттер - 2016

06.10.162016 жылдың қазан айының 6 жұлдызында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс студенттерімен "ҚМПИ студенттерінің ұғындыру салтанаты" өткізілді. Бұл мерекелік іс-шараға қатысқан жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері өздерінің нағыз студент атануға лайықты екенін қабілеттіліктерін көрсету арқылы дәлелдей білді. Осындай ауқымды мерекелік іс-шараға белсенді қатысу оқу күнінің алғашқы күндерінен бастап өздерін көрсете білуге, жаңа достар табуға және курстастарымен жақын танысуға мүмкіндік береді. Студенттердің ұғындыру мейрамы әр бозбала мен бойжеткеннің өмірінде өшпес із қалдыратын студенттер бауырластығына үлкен қадам.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз