ACADEMICA халықаралық жобасы аясында ағылшын тілі курстарының басталуы
- Подробности
- Опубликовано: 16 января 2017
2017 жылғы 16 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ACADEMICA халықаралық жобасы аясында информатика және компьютерлік технология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына арналған Эразмус + Еуропалық одағы ортақ қаржыландыратын ағылшын тілі курстары (Accessibility and Harmonization of Higher Education in Central Asia through Curriculum Modernization and Development ACADEMICA Project №561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP) басталды.
Ағылшын тілі курстары 30 сағаттан тұрады және екі апталық кезеңге созылады. «Конвергенция в информационных технологиях» (Convergence in IT) тақырыбы шеңберінде оқытушылар терминологиялық сөздікті меңгеріп, тақырыпқа қатысты лексиканы қолданды және диалог құрастырды. Жалпы сабақтар жоспарланған интерактивті режимде өтеді.