«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
- Подробности
- Опубликовано: 18 января 2018
2018 жылы 16-18 қаңтар аралығында жаратылыстану ғылымдары кафедрасында жыл сайынғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Жолдауда 2018 жылы елдің дамуының 10 басымдылық міндеттерін қамтиды.
Жолдауды талқылауды өткізуді «Химия», «Биология», «География» мамандықтарының қазақ, орыс және көптілділік топтарының бірінші, екінші курс кураторлары: Тауакелов Ч.А., Рулёва М.М., Баймаганбетова К.Т., Загорулько В.В., Ергалиева Э.М.. Баймаганбетова Б.Б. және тағы басқалары ұйымдастырып, өткізді.
Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты 2018 жылғы 10 қаңтарда Ел Президентінің халыққа жолдауымен студенттерді таныстырып және талқылау болып табылады. Кураторлық сағат барысында оқытушылар мен студенттер жолдаудағы 10 басымдылық міндеттердің негігі міндеттерін қарастырды. Атап айтсақ, жолдаудағы 10 басымдылық міндеттердің барлығы да өте маңызды, дегенмен, біздің студенттер үшін, яғни болашақ мұғалімдер ретінде және көптілділіктің ерекшелігін ескере отырып, Президенттің «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сонымен қатар қазіргі заманда көп тіл білетін алдыңғы қатарлы және ғаламдық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамның мұраты болуы керек» деп айтқандай біздің студенттер аудиториясы үшін жетінші міндетке көбірек көңіл бөлінді.
Президент Жолдауын талқылау үш тілде жүргізілді. Негізгі сұрақтар педагогикалық мамандықтарды оқыту және ағылшын тілін оқытуға байланысты болды. Жолдауда «Елдің университеттерінің жанынан педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту керек. Білім саласында математикалық және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын барлық деңгейде көтеру керек» - деп айтылған.
Қорытындылай келе студенттер білім саласындағы өзгерулер олар үшін өте өзекті, бұл білім мазмұнының жаңаруы және жалақының көтерілуіне де қатысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттердің көпшілік бөлігі ұсынылған барлық міндеттердің жүзеге асырылуына біздің еліміздің халқымен бірлесе отырып жүзеге асатынын атап көрсетті.
Жолдауды талқылауға топ кураторларынан басқа жаратылыстану- математика факультеті деканының орынбасары Ахметчина Т.А., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Г.А., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары-Жумагалиева Б.М., Таурбаева Г.У., Баубекова Г.К., Кожмухаметова А.С., Суюндикова Ж.Т., Бобренко М.А. қатысты.