Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған куратор сағаттары өткізілді
- Подробности
- Опубликовано: 11 декабря 2017
2017 жылғы желтоқсан айының 11 жұлдызында ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасы Биология мамандығының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздің Күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты кураторлық сағатын өткізді. Іс-шараға Биология мамандығының 1 курс қазақ, орыс және көптілді бөлімдерінің шәкірттері шақырылды.
- 16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
- Ерекше боп ел жадында қалған күн.
- Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
- Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!
- Мәңгі болсын, баянды болсын
- 26 жыл ғұмырың!
- Құтты болсын, мықты болсын
- Тәуелсіздік тұғырың!
Осындай керемет сөздерден басталған салтанатты іс-шара факультет шәкірттері Төлегенова Қызжібек пен Қамит Ботаның орындауындағы домбыраның әсем әуенімен, ғажап «Балбырауын» күйімен жалғасты. 1 курс тәлімгерлері Белан О.Р. және Рулева М.М. кураторлық сағатқа қатысушыларды Отанымыздың Егемендік алған күнімен құттықтап, оларға туған жерінің лайықты азаматтары болуларына тілек білдірді. Барлық студенттер толқуменен және мақтанышпен мемлекетіміздің азаттық жолын бейне-баяннан тамашалады. Біздер салтанатты кураторлық сағаттың барлық қатысушыларын құттықтап, ұйымдастырушыларына шексіз алғысымызды білдіреміз!