«Туған жердің сұлулығы» фотокөрмесі

«Саяхат» атты өлкетану клубының қатысушылары 2018 жылдың 30 қаңтарында «Туған жердің сұлулығы» атты тақырыпта ҚМПИ студенттер үйінде фотокөрме ұйымдастырды. Біздің еліміздің әрбір облысы, әрбір ауданы қайталанбас, ол тек бірегей тарихи өткені, сәулет өнерімен ғана емес, сонымен қатар табиғи объектілердің сұлулығымен ерекшеленеді. Фотокөрменің мақсаты - ҚМПИ студенттерінің Қостанай облысының геологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктері жайлы көзқарастарын көру және кеңейту.

Қостанай облысы - бұл бай табиғи әртүрлілік пен контрастаулар аймағы. Көрменің қатысушылары біздің облыстың табиғи объектілерінің фотосуреттерін атауларымен біпге көрсетті. Презентация барысында «География» мамандығының 2-ші курс студенттері қысқаша шолу дайындап, Қостанай облысының табиғаты ең әдемі бұрыштары жайлы айтып берді: Тобыл, Обаған, Қабырға өзендері жайлы, ірі минералды кен орындарын, Құмкешу бархандарын, Науырзым қорығы және көптеген тағы басқа табиғат объектілері жайлы.

Фотокөрме қатысушылары, осындай іс-шаралар арқасында, студенттер өзінің аймағындағы табиғи көрікті жерлермен жақынырақ танысатынын, сондай-ақ олар туған жердің шынайы сұлулығы мен бірегейлігін көруді және бағалауды үйренетінін атап өтті. Барлық фотосуреттер шынайы бағаланды және назардан тыс қалмады.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз