Отбасылық үйдің анасы Тулегенова Гүлжауhар Кабдикаримқызымен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 13 февраля 2018
2018 жылдың ақпан айының 13-і күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері және профессорлық-оқытушылар құрамы 11 баланы тәрбиеге алған отбасының басшысы, Қостанай ауданындағы Алтынсарин орта мектебінің оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Тулегенова Гульжауһар Кабдикаримқызымен кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат кезінде Гульжауһар Кабдикаримқызы тәрбиеге алған балаларының бөтен екенін сезінбейтінін, тату және көпұлтты отбасы екендіктері жайлы айтты. Гульжауһар Кабдикаримқызы балаларының жетістіктерін мақтанышпен айтты: «Менің балаларым жақсы оқып қана қоймай, олар велоспорт, дзюдо және каратэ спорт ойындарының жүлдегерлері болып саналады; қыздарымның біреуі Алина-киокекушинкай каратэсі бойынша спорт шеберінің кандидаты, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. 2015 жылы өткен облыстық отбасылық сайысы бойынша отбасымыз бірінші орын иеленді және Астана қаласына Қостанай облысының атынан барды.
Студенттер және оқытушылар Гульжауһар Кабдикаримқызының сұхбатын зор ықыласпен және назарларын салып тыңдады, оның даналығына және өмірге үмітпен қарауына таңданды, көптеген сұрақтар қойылды. Кездесу өте жақсы және болашақ мұғалімдерге жауапкершілікті, толеранттылықты, қайырымдылықты, адамгершілікті оятатындай тәрбиелі түрде өтті. Осы өткен жиын болашақ ұрпақтардың тәрбиесі үшін өте маңызды рөл атқарады деп санауға болады.