5В011300 «Биология» мамандығы педагогикалық машықтану қорытындыларын шығару

16 ақпанда жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 3 курс студенттері өткен педагогикалық машықтану қорытындыларын шығаруға арналған конференция өткізілді.

15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында 15 білім беру мекемелеріне 45 студент бағытталды. Олардың ішінде «Қостанай облысы әкімдігі білім беру бөлімінің «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты» КММ бар.

Машықтанудың негізгі мақсаты – студенттерді пән мұғалімі және сынып жетекшісі қызметтерін толық орындауға дайындау.

Конференция барысында студенттер машықтанудан алған әсерлерімен бөлісті, пайда болған қиыншылықтар мен мектеп пән мұғалімдері және институт әдіскерлері оларға қалай бағыт-бағдар беріп, көмектескендері туралы сөз қозғады. Мұндай машықтану олар үшін өте маңызды екеніне көз жеткізіп, қазір, институтқа сабақтарына оралып, оқуларына неғұрлым жауапкершілікпен қарайтындарын айтты.

Конференция соңында жетекші Рулева М.М. машықтану нәтижелерін хабарлады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті 5В011300 «Биология» мамандығы педагогикалық машықтану қорытындыларын шығару