«Жылу сыйлай біліңіз» экологиялық акциясы

Желтоқсан мен ақпан аралығында жаратылыстану ғалымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 курс студенттері (куратор Рулева М.М.) әлеуметтік жоба орындау және «Бедвочерлер» клубының жүмысы аясында (Брагина Т.М., Брагин Е.А., Валяева Е.А) құстар үшін қазіргі оңай емес мезгілде қоректендіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер орталық саябаққа жиі барып, алғашқы бедвочерлер орналастырып кеткен құстарды қоректендіруге арналған астауларды тексеріп, құстарға азық салып беретін. Қысқы жұмыстың қорытындысы ретінде 2018 ж. 15 ақпанда Қостанай қ. А.М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында «Жылу сыйлай біліңіз» экологиялық акциясы өткізілді. Акциядан бір күн бұрын біздің студентер оқушылармен бірге жаңа астаулар құрастырып, орналастыратын орындарын анықтады.

Мұндай акциялар бедвочерлер клубымен жыл сайын қала мектептендерінде өткізіліп отырады.

Әлеуметтік жоба қатысушылары және бедвочерлер клубының мүшелері барлығын қыстайтын құстарға және көшедегі жануарларға немқұрайлықпен қарамай, көмектесуге шақырады және А.М.Горький атындағы мектеп-гимназиясы оқушылары мен мұғалімдеріне акция өткізуде қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Жылу сыйлай біліңіз» экологиялық акциясы