Робототехника, электроника және автоматика зертханасының ашылуы
- Подробности
- Опубликовано: 09 февраля 2018
2018 жылдың 9 ақпанында ҚМПИ-дің жаратылыстану-математика факультетінің, физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы, робототехника, электроника және автоматика зертханасының салтанатты ашылуын өткізді.
Зертханасының ашылуында, Мусабекова Гульвира Айдархановна - оқу жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, педагогикалық ғылымдарының кандидаті, Бекмағамбетов Руслан Кабдугалиевич - аппарат басшысы, Сухов Михаил Васильевич -жаратылыстану-математика факультетінің деканы, Ахметчина Толкынай Акангалиевна - жаратылыстану-математика факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ шақырылған қонақтар, біздің түлектер: Комаров Денис Николаевич - М.Дулатов атындағы КИнЭУ инженерлік-техникалық деканның м.а., Серік Манасбаев - Рухани Жаңғыру бағдарламасының аймақтық жоба менеджері, КМҚК «Қостанай құрылыс колледжі» жастар ісі жөніндегі инспекторы қатысты.
Қонақтар алдында аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Жигитов А.Б. сөз сөйледі. Ол: «Біздің жолымыз оңай емес еді және бұл жай ғана басталуы деп ойлаймын, бірақ бәрі неден басталды, соны еске түсіргім келеді».
2015 жылы біз өзімізге міндет қойған кезде: технология мен роботты мүмкіндігін біріктіру арқылы жұмыс істеу. Нәтижесінде, студенттік зерттеулер шеңберінде, біз алғашқы роботты біздің шеберханасында жинадық.
2016 жылы осы саладағы мамандарды даярлау оқыту мәселесі, қаланың робототехника жетекшілерімен талқыланды!
2017 жылы барлық жабдықтар сатып алынды, зертхана дайындалды.
2018 жылы «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша «Білім беру робототехникасы» модульдік бағдарламасы бойынша сабақтардың басталуы. Болашақта «Физика» мамандығы бойынша сабақтар өткізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі білім беру үрдісі STEAM -оқыту болып табылады. Оқу робототехникасы - инженерлік шығармашылық информатиканы, математиканы, физиканы, сызуды, технологияны, жаратылыстану ғылымдарын интеграциялау жүйелік ойлауының дамумен негізін қалайтын құрал.
Оқу роботикасы STEAM білім берудің негізгі құралы болып табылады
Оқу үрдісінде білім беру робототехникасыны енгізуі жеке, коммуникативтік және когнитивтік әмбебап білім беру қызметін қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақтарда роботтарды жасауы балаларға ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылық тудырады және жақсы білімдің негізің береді.
Бүгінгі күні облыстың 87 мектебі робототехникалық үйірмелерді өткізіп жатыр, ал биылғы жылы 10 мектеп үйірме ашуды жоспарлап отыр.
«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша студенттерді дайындау аясында «Білім беру робототехникасы» траекториясы ең алдымен робототехника саласында оқытушылардың жетіспеушілік мәселесі шешуге, сонымен қатар «Кәсіптік оқыту» мамандығын өзектендіруге бағытталған.
Біздің Робототехника, электроника және автоматика зертханасында «Робототехника, электроника және автоматика негіздері», «С және С + тілдерінде бағдарламалау негіздері», «Роботтарды модельдеу және жинақтау тәжірибесі» сияқты пәндер жоспарлануда.
Кабинетте робототехника бойынша жарыстар өткізу үшін өрістер, минисумоға арналған алаң, кәгелинг алаңы, жол бойында қозғалыс өрісі бар алаңы. Кабинет интерактивті тақтамен және үш түрлі оқу робототехникасымен жабдықталған: LEGO EV3 Education, Robotis STEAM және Arduino UNO R3 контроллері.
Оқу роботикасының жиынтығын студенттер үш тілде ұсынды:
- Лего-демонстрация - Жасузақова Айжарқын «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2-курс студенті, қазақ тіліндегі
- ROBOTIS демонстрациясы - Едрес Бейбарыс, «Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенті, орыс тілінде
- ARDUINO UNO- демонстрациясы - Мұрат Айдар, «Физика» мамандығының 2 курс студенті, ағылшын тілінде.
Комаров Денис Николаевич - М.Дулатов атындағы КИнЭУ инженерлік-техникалық деканның м.а., физика магитрі, сәттілік тілеп, ынтымақтастық ұсынды және 5-6 сәуірде өтетін «Ғылым және технологиялар» облыстық фестиваліне шақырылды.
Фотогалерея