«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы

2018 жылғы 1 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-қабатында Алғыс айту күніне сәйкестендірілген студенттердің және оқытушылардың салтанатты жиналысы өтті. Бұл мереке қазақ халқының ертеден келе жатқан қонақжайлылық, мейірімділік, жанашырлық және қайырымыдылық сияқты дәстүрлеріне негізделген.

Қатарынан 8 жыл бойы жаратылыстану-математика факультетінде қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп келеді. Биыл да бұл игі іс жалғасын тапты. Факультет шәкірттері мен оқытушыларының күшімен «Жүрек жылуы» атты дәстүрге арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция қатысушылары дәл осындай Алғыс айту күні әлемге жақсылық пен мейірімділік сыйлап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұштарын созуға бекінді.

Алғыс айту күнінің мақсаты – жастардың толеранттылық, достық және бір-біріне құрмет сезімдерін тәрбиелеу және Қазақстандағы этносралаық келісмім мен ұлтаралық қатынастарды бекітіп, дамыту. Біздің студенттеріміз бұл арқылы рухани даму, қоршаған әлемді жетілдіру, заманауи қазақстандық жастардың маңызды мәселесі ретінде қайырымдылыққа атсалысу сияқты мақсаттарға қол жеткізді. Ешкім де ертеңгі күнгі жағдайын дәл айта алмайды, кімнің қиын-қыстау кезеңде қасынан табылып, көмек қолын соза алатынын болжай алмайды. Ал жүректен шыққан жылы сөз бен іс қаган да иесіне жол табады. Бұл күн барлық Қазақстан тұрғындарының бір-біріне деген мейірімділік, ілтипат, кішіпейілділік пен бейбітшілік белгісі бола алады. Барлығымызды да отбасыдағы татулық пен ауызбірлік, жақындарымызға деген махаббат, басқалар үшін өмір сүре білу, қайғысына ортақтасу, көмек қолын созу, адал әрі әділ болу сияқты ізгі қасиеттер біріктіреді.

Шәкірттер, ұстаздар мен институт қызметкерлері мүмкіндіктерінше көмектерін аямай, қайырымдылық жәшігіне қалталарынан қаражат бөліп берді. Жиналған қаражат Қостанай қ. балалар үйінің біріне көмек ретінде бағытталады. Аталған іс-шараның барлық қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіріп, 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз