Тренинг "Темекі шегу – денсаулыққа зиян!"

2018 жылғы 22 ақпанда жаратылыстану-математика факультетінде «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы» ММ өкілдерінің факультет шәкірттерімен кездесуі өтті. Психолог Кантореева Роза Дуйсенбайқызы студенттермен түрлі тренингтер өткізіп, туберкулез және АИТВ-ЖИТС ауруларын алдын-алу шаралары мәселелерін қозғады.

Аталмыш іс-шараның мақсаты: тұрғындардың, оның ішінде студенттердің, екі еселенген індеттің пайда болуының тәуекел факторлары, ерте танып-білудің маңызы, уақытылы емдеу және алдын-алу туралы ақпараттылығын арттыру. Студенттер бұл ауруларды талдау және талқылау іс-шарасына белсене қатысып, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білді, ойын-тренингтерге атсалысып, өздеріне берілген рөлдерді жақсы сомдады. Осылай, студенттер өз уақыттарын пайдалы ғана емес, қызықты да ұтымды өткізді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Тренинг "Темекі шегу – денсаулыққа зиян!"