Бірінші жасанды Жер серігінің іске қосылғанына
- Подробности
- Опубликовано: 04 октября 2018
2018 жылғы 4 қазанда «Қазақстан» РТРК АҚ «Qostanai’» тікелей эфирінің қонақтары физика-математика пәндері кафедрасының меңгерушісі м.а. аға оқытушы Оксана Станиславовна Телегина және кафедраның аға оқытушысы Алмагуль Газезовна Қосжанова болды. Кездесу алғашқы жасанды Жер серігі – «ПС-1» ұшырылуына арналды. 1957 жылдың 4 қазанында болған бұл оқиға біздің облыс тұрғындарының өмірін өзгертті. «Байқоңыр» ғарыш аймағынан «ПС-1» жерсерігінің ұшырылуына, оның өмірге әсері, ХҒС (Халықаралық ғарыш станциясы) бортында ғарышкерлерімен өткізілетін эксперименттерге қатысты қызықты әңгіме болды. Облыс және қала мектеп оқушыларының ғарыш әлемі, күн жүйесі денелерінің бетіне отырғызу және ғарыштық қоқыс мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстары жеке аталып өтті.
Эфирді көру үшін мына сілтеме арқылы өтуіңізге болады: http://kostanaytv.kz/ru/archive/programs/programs_morning/kst_tobyl-tany/824803