«Таза қала» тренингі
- Подробности
- Опубликовано: 02 ноября 2018
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Белан О. Р. және Кубеев М. С., сондай-ақ жаратылыстану - математика факультетінің биология және география мамандығының 4 курс студенттері Атрощенко О. және Коляда Я. 30.10-2.11.2018 уақыт аралығында филология және психология-педагогика факультеттерінің бірінші курс студенттері арасында "Таза қала" атты тренингін өткізілді. Осы іс - шараның мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; қоршаған ортада болып жатқан барлық жағдайларға ортақтастық және қамқорлық сезімдерін дамыту. Негізгі міндеті - студенттердің қоршаған ортаның ахуалын зерттеу жұмыстарына тарту болмақ.
Тренинг топтық түрде өтті. Студенттер түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындап, экологиялық мазмұнда ойындар да өткізілді. Студенттер өз жасампаздылығын және қиялын жеткілікті дәрежеде көрсете білді. Бұл іс-шараны өткізу кезінде қатысушылар қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы мен пайдалы тұстарын, тұрмыстағы қалдықтардың санын қалай азайту керектігін, қолданылатын пластикті заттар мен одан жасалған бұйымдардың санын қандай тәсілдермен азайтуға болатынындығын білді. Студенттер қоқысты тиімді пайдалану мен пайдаға асыру жолдарын тек ұйымдастырушылардан ғана естіп қоймай, сонымен қатар өздері де белсенді қатысып, ұтымды жағынан қарастырылған ұсыныстар беріп, пікірлерімен бөлісті. Тренинг барысы достық, сенімді және шынайы түрдегі атмосферада өтті.
Әр студент өзі үшін таза, қазіргі заманғы қалада өмір сүргісі келетіндігін, қалдықтарға орын жоқ екенін және әркім оған өз үлесін қоса алатынын анықтады. Ең бастысы, қоршаған ортадағы қоқысты сұрыптау және қажеттілікке жарату мәселелеріне жауапкершілікпен қарау. Тренинг барысында қатысушылар әр азаматтың күнделікті өмір сүру стиліне қатысты талаптарды айтып, талқылады.
Тренинг соңында қорытынды жасалып, студенттер осы тақырып бүгінгі күні өте өзекті екендігі, жастар табиғатты сақтауға және қаламыздың көшелерін тазалықта ұстауға ұмтылатындығы, ал қалдықтарды сұрыптау қажеттілігі туралы ақпарат барлық тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие екендігі айтылды.
Экологиялық тәрбие оқушылардың табиғи қоршаған ортадағы іс -әрекеті мен мінез - құлықтарының жаңа үлгілерінің пайда болуына әкеледі.
«Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста» - демекші, расымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қоршаған ортаны сақтауды қолдайтындығы. Өзгелерге ұсыныстар беретіні қуантарлық жағдай.