Дөңгелек үстел "Жастар басымдылығы - білім"
- Подробности
- Опубликовано: 08 ноября 2018
Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты мақаласының бағыттарын талқылау аясында 08.11.2018 ж. дөңгелек үстел: "Жастар басымдылығы - білім" тақырыбында өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты, қазіргі заманғы реформалар процесінде - Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің педагогикалық практикасының нәтижесі жаңартылған білім беру үлгісінде ұйымдыстырылды. Мысал ретінде: Қостанай қаласынан НЗМ ФМН.
Жаратылыстану кафедрасының оқытушылар ұжымы, сонымен қатар «География» және «Биология» мамандықтарының 2, 3, 4 курс студенттері қызықты баяндамалар ұсынды. Асанова К.И. НЗМ география пәнінің мұғалімі өзінің баяндамасында мектеп курсындағы жаңартылған білім бағдарламасындағы оқыту әдістеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар 11-12 сыныптардағы элективтік пәндердің оқу орындарымен сәйкестіктеріне тоқталып кетті. Сидельник Г.А., Қостанай қаласындағы № 3 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі туралы, сонымен қатар, мұғалімдердің біліктілік талаптарын өзгерту туралы мәлімдемелерге тоқталып өтті. Ол өзінің мектептегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Зайтинова Г., Горбунова Д., «География» мамандығының 4 курс студенттерінің баяндамалары қызықты болды. Олар өздерінің мектеп қабырғасында өтіп жатқан педагогикалық практика барысындағы тәжирибелерімен бөлісті. Сонымен қатар география мамандығының білім бағдарламасымен таныстырып өтті.
Дөңгелек столдың тақырыбы өте өзекті және мазмұнды болды, дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шақырылған қонақтарға, баяндамашыларға ҚМПУ қатысу сертификаттары табыс етілді.