Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы
- Подробности
- Опубликовано: 19 ноября 2018
МПУ–дың жаратылыстану-математика факультеті, информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық білім бері магистрі Айтбенова Аян Алтаевна мен информатика мамандығының түлегі Зиятов Ақбар«Android жүйесінде оқыту қосымшасын дайындау» атты жобасымен «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсына» қатысып, қорытынды кезеңге өтті.
Жобаның мақсаты: Android операциялық жүйесіне балаларға арналған «Білгім келеді»оқыту қосымшаны дайындау. Балаларға арналған «Білгім келеді»оқыту қосымшасы мектепке дейінгі балаларға заманауи технологияларды қолдана отырып қазақ, орыс, ағылшын әліппесін, сандарды, пішіндерді, отбасы, жеміс-жемістерді, жануарларды оңай меңгеруге, қосымша құрамындағы тапсырмалар көмегімен логикалық қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Конкурс үш кезеңнен тұрды:
- Аймақтық кезең;
- Республикалық кезең;
- Қорытынды кезең.
2018 жылдың 19 қарашасында Астана қаласында Айтбенова А.А. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып өткізген «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсының» қорытынды кезеңінің қатысушысы ретінде қатысып, «Android жүйесінде оқыту қосымшасын дайындау» жобасы байқаудың іріктеу нәтижесінде ең үздік 10 жобаның қатарынан табылды. Байқау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасы кітапханасында өткізілді. Аға оқытушы Айтбенова А.А. «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қорытынды кезең номинанты» дипломымен марапатталды.
Біз оларға жаңа идеяларды жүзеге асыруда шабыт тілейміз!