ЖМФ студенттерінің дәрігермен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2018
2018 жылғы 21 қарашада ЖМФ, жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология», «География» мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында Салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар аясында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Қостанай қаласының жоғары санатты дәрігері Дунасарова Раушан Айдарханқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Дәріскер ЖРВА, ЖИТС ауруларының пайда болуының негізгі себептерін және олардың алдын алу шараларын туралы әңгімеледі. Кездесу барысында дәріскер студенттерге АҚТҚ/ЖИТС індетінің Қазақстанда және әлемде таралуы туралы ақпараттану деңгейін арттырады, студенттердің назарын АҚТҚ/ ЖҚТБ-ның берілу жолдары туралы, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы түсіндірді.
Дәріскер дәріс барысында аудиториямен байланыс орната білді, дәріскер мен студенттер арасында ашық диалог өтті, студенттер белсенді қатысып отырды. Салауатты өмір салты және тақырып бойынша сұрақтар қойды. Дәріс соңында студенттерге брошюралар түрінде ақпараттық материалдар ұсынылды.
Іс-шара модераторлары: А.С.Кожмухаметова, Э.Б.Ахметова