2020-2021 оқу жылына арналған "Музыкалық білім", "Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау" білім беру бағдарламасын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 12 марта 2020
12 наурызда 2020 жылы Өнер кафедрасында «Музыкалық білім», "Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау", "Бейнелеу өнері және сызу" бакалавриат бағдарламасының білім беру бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламасын талқылау, сонымен қатар студенттердің педагогикалық және өндірістік практиканы аяқтау нәтижелеріне талдау жасау.
Осы іс-шараның ұйымдастырушылары кафедраның оқытушылары болды: Өнер кафедрасының меңгерушісі Сапиева М.С.; педагогика магистрі, аға оқытушы Айсина С.Т.; педагогика магистрі, аға оқытушы Задорожная С.Н.
Дөңгелек үстелде Қостанай қаласының №1, № 8 мектеп-лицейінің, Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Қостанай қаласының №24 гимназиясының мектеп оқытушылары, бакалавриат бағдарламасының оқытушылары және «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел аясында білім беру бағдарламасының музыка бойынша жаңартылған бағдарлама талаптарына сәйкестігі, соның ішінде 7 модульдің пән мазмұны және күтілетін оқу нәтижелері талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар-№1 мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі Остапенко Л. Г., Мальцева А. В., Қостанай қ. физика-математикалық бағыттағы НЗМ өнер педагогы Кипшакпаева Д. С., №8 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Бурцева А. П., Қостанай қ. №24 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Ахметбекова С. Б., "Музыкалық білім", "Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау", "Бейнелеу өнері және сызу" ББ-ның профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен бірлесіп ЖОО түлектерінің білім беру нәтижелерінің өзектілігі мәселелерін талқылады.
Талқылау барысында дөңгелек үстел қатысушылары білім беру бағдарламасын түзету және одан әрі жетілдіру, практиканы ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ мектептер мен ЖОО арасындағы өзара іс-қимыл бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарымен бөлісті.