Дипломдық жобаларды алдын-ала қорғау
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2020
Электронды сайт негізінде 2020 жылдың 23, 24 сәуірінде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы З.Б Шахаманның қатысуымен «5В 011500 - Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің дипломдық жобаларды алдын-ала қорғау іс-шарасын өткізді.
Дипломдық жобаларды алдын-ала талқылау барысында ғылыми жұмыстардың негізгі ұстанымдары мен құрылымы, зерттеу нысаны мен объектісін нақтылау, материалдар мазмұнының эмпирикалық негізі, әдебиеттердің жеткіліктілігі мен нормативтік-құқықтық актілердің қол жетімділігі, дипломдық жобаларды дайындау үшін қосымша ресурс ретінде сайттардың ашықтылығы сынды мәселелер бірлесе пысықталып, нақтыланды.
Қатысушылардың барлығын: университет басшылығын, факультет деканын, ғылыми жетекшілерді, оқытушылар құрамы мен студеттерді осы бірлескен жұмыста көрсеткен белсенділіктері, жауапкершіліктері үшін атап өткен жөн. Аталған ұсыныстар мен ескертулерді жою ғылыми жетекшілері мен кафедра меңгерушісінің жеке бақылауына алынды.