Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының Челябіден келген қонақтарды қарсы алуы
- Подробности
- Опубликовано: 23 ноября 2016
2016 жылғы 23 қарашада ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында қазақтың дәстүрлі шашуымен ұлттық киімдегі қыздар Қостанай облысына «Мәдениет диалогі» жастар лагерін өткізу аясында Челябинскіден келген қонақтарды қарсы алды. Ресей делегациясы құрамында Юлия Александровна Лапидус (Челябі облысы Достық үйінің директоры), Светлана Петровна Зверева («Дубрава» Славян мәдениеті орталығының жетекшісі), Венера Мухтаровна Шакенова («Арман» қазақ мәдени орталығының активисі), Анна Викторовна Герман («Видергебурт» неміс орталығы жастар бөлімінің жетекшісі), Р.К.Галоян, А.С.Саморуков, Н.Леганова сынды әртістер, ЧО Халықтар достығы үйінің өкілдері О.Г.Мохова және А.Г.Пунда келді.
Жастар лагерін өткізу бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қостанай облыстық этномәдени бірлестігі жетекшілерімен кездесулер өткізілді. Келген қонақтар «Возрождение» неміс мәдени орталығы, Айтмағанбет қажы Спанұлы мешітіне барып, ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен танысты. Сонымен қатар қосымша білім беру факультетінің деканы, т.ғ.к. С.В.Самаркин қонақтарға мұражайды аралатып, таныстырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к О.Н.Евдокимова кафедра презентациясын өткізді. Ол «Бесценный дар» акциясы аясында «Қоғамдық келісім» РММ сыйлыққа тартқан кітап көрмесін ұсынды. Профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты З.У.Карбенова О.Н.Евдокимовамен бірлесіп, «Толеранттылық – Мәңгілік ел құндылығының негізі» зерттеу ойыны фрагментін өткізді. Дәстүрлі емес сабақ түрі студенттердің де, келген қонақтардың қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында тараптар тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау мен іс-шараларды бірігіп өткізу туралы келісті.
Фотогалерея