«Өз ойыны»
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2016
2016 жылдың 9 желтоқсанында философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Алшанова Б.Х. 629 дәрісханада «Дінтану» пәнінен «Ислам» тақырыбында 1 курс «Дефектология» мамандығының студенттеріне тәжірибелік ашық сабақ өткізді. Сабаққа қатысқандар: стратегиялық даму және инновациялық білім бөлімінің бастығы Бекентаева А.К., қоғамдық пәндер, құқы және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В.
Ашық сабақ «Своя игра» интеллектуалды ойын түрінде өткізілді, онда 4 бағыт қамтылды: қазіргі әлемдегі ислам, ислам мерекелері, Қазақстандағы ислам, исламдағы экстремизм мен терроризм. Сонымен бірге әрбір категорияда институт оқытушыларының бейне-сұрақтары дайындалған. Студенттер үш топқа бөлінген (жасыл, сары, қызыл), сұраққа топ басшылары: Фогель Ольга, Головко Юлия, Стаценко Марина жауап берді. Әрбір сұрақ 100-ден – 500 балға дейін құбылып отырды, егер топ сұраққа жауап бере алмаса, ол келесі топқа көшіп отырды, ойын өз нәтижесіне жетті.
Интеллектуалды ойын барысында студенттер дәрістен алған білімдерін толықтай бекіте білді.«Дінтану» пәнін оқыту маңызды және міндетті. Қазіргі білім берудің жүйесі баланың қоғамда толыққанды қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қоғам және отбасы міндеттерінің бірі – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі кездегі мемлекет және әлемдегі маңызды мәселелерінің бірі діни экстремизм және терроризм. Оқушыларды қазіргі кездегі әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихи жағын және оның қоғамдағы орнын тануға үйрету.