Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жаңа идеологиялық платформа» атты кураторлық сағаты

2017 жылдың 20 сәуір күні 205 ауд. «Тарих» мамандығының 3 курс студенттерінің топ кураторы, тарих магистры Абенов Д.Е. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жаңа идеологиялық платформа» атты кураторлық сағатын ұйымдастырды. Кураторлық сағат мақсаты- бағдарламалық мақаланың негізгі ережелерін, жобалары мен принциптерін түсіндіру болып табылды.

Сабақ барысында студенттер латын графикасына көшу туралы бейнебаян қарап, ол мәселе жөнінде өз пікірлерін ортаға ұсынды. Студенттерге біздің қоғамымыздың дамуына бағытталған өз жобаларын жасап, оларды қорғау тапсырмасы берілген болатын. Топ, алдына қойылған тапсырманы жақсы деген нәтижеге орындап, мемлекет ішіндегі келісім мен жаңғыру, ұлттық идентификация мәселелерін түсіну маңызды екендігі туралы қорытындыға келді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жаңа идеологиялық платформа» атты кураторлық сағаты