«Туған жерге туын тіккен тұлғалар»
- Подробности
- Опубликовано: 21 мая 2017
2017 жылдың 21 мамыр күні тарих және өнер факультетінің оқытушылары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау және жүзеге асыру шеңберінде жатақханада тұратын студенттеріне арналған «Туған жерге туын тіккен тұлғалар» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты- студенттерді мақаланың негізгі басымды бағыттарымен таныстыру және қазақстандықтардың санасын жаңғыртуға бағытталған жобалар мен бағдарламалардың қабылдануы және жүзеге асырылуының мағыздылығын түсіндіру.
Студенттер алдында Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И.Исенов «Рухани жаңғыру – жаһандық жағдайдағы заман талабы» тақырыбына лекциясын оқу барысында, Қазақстан азаматтары санасының жаңаруының қажеттілігін тарих беттерінен алынған мысалдарды келтіре отырып түсіндірді. Президент мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын студенттер қауымы да түйіндеп, өз пікірлерімен бөлісті. Олардың атынан «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенті Тулубаева Э. баяндама жасады. Қатысушылар арасында латын графикасына көшу мәселесі пікірталас тудырды, себебі кейбір студенттердің пікірінше, жаңа әліппеге көшпес бұрын, мемлекет азаматтары мемлекеттік тілді меңгеруі қажет.
Сонымен қатар, студенттерді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының негізгі бағыттарымен факультет деканының орынбасары, тарих магистры Нурпеисова Э.Т. таныстырып шықты. Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистры Абенов Д.Е. «Үздік жоба» викторинасын ұйымдастырды. Нәтижесінде студенттер білім беру, денсаулық сақтау жүйелерінің дамуына және мәдени мұраның жаңдануына байланысты өздерінің 4 жобасын қорғады. Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистры Елкей Н.Н. студенттер қауымына Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мәселесін көтеретін теледидар жаңалықтарының бейнебаяндарын ұсынды.