Темірбекова Жібек және Мусабекова Сания студенттерінің суреттері көрмесі

2016 жылдың 22 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының холлында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2 курсында оқитын, Темірбекова Жібек және Мусабекова Сания талантты студенттерінің алғашқы көрмесі өтті. Көрменің ашылуында алғашқы сөз сөйлеу құқығы п.ғ.к., өнер кафедрасының меңгерушісі Сапиева Майра Саимовнаға берілді, ол көрсетілген жұмыстардың жоғары шеберлігі мен орындау техникасын, Қазақстанның заманауи өнері – жас таланттардың қолында деп айтып өтті. Әрі қарай ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н. өз сөзін жалғастырды, осы көрме ҚХА кафедрасымен өнер кафедрасының бірге жасаған жұмысының нәтижесі және біздің оқу орыны студенттері – жас суретшілер көрмелерінің бастауы деп айтып өтті. «Жібек пен Сания институтта оқитындығына қарамастан, олардың жұмыстары эмоционалды, мазмұнды және жеке көрменің ұйымдастыруына лайықты».

Суретші-қыздар суреттерін жазуға оятқан сезімдері мен эмоциялары, болашаққа жоспарлары, институтқа оқуға түсер алдында өнер мектебіндегі ұстаздары жайлы сөз сөйледі. Студенттерді қолдап, құттықтауға кураторлары Сапиев Ануар Сартаевич, топтастары келді және оларды туған институтта өз көрмелерін ұйымдастыру жайлы ойландырды. Темірбекова Жібек және Мусабекова Санияныі суреттері көрмесі желтоқсанның ортасына дейін жалғасады.  

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Темірбекова Жібек және Мусабекова Сания студенттерінің суреттері көрмесі