ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жумадильдаева Н.В. кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 04 января 2017
2017 жылдың 4 қаңтарында қосымша білім беру факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жумадильдаева Наталья Васильевнамен кездесті. Іс-шара ректор кеңесшісі Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевичтын қонақтарды таныстыруымен басталды. Іс-шараға Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары - Байменова Зауре Ануарбековна, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы - Ибраев Булат Каирбаевич, тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша білім беру факультетінің деканы - Самаркин Сергей Владимирович, ҚХА кафедрасының меңгерушісі - Евдокимова Ольга Николаевна, ҚХА кафедрасының доценті, PhD докторы - Козыбаева Махаббат Маликовна және т.б. қатысқаны жайлы айтып өтті. Депутат оқытушылар құрамымен, көрмелермен, кафедраның материалдық-техникалық жабдықтары және кітапханасымен танысты. Депутат Наталья Васильевна Парламент Мәжілісіндегі өз жұмысы жайлы айтып берді және бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының экстремизм мен терроризмға қарсы күрестегі жаңа күшті құрал болғанын айтып өтті. Сондықтан депутаттың Қостанай облысына келуі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасынан басталғаны кездейсоқ емес.
Кездесу барысында институт тарихы бойынша видеоролик және ҚХА кафедрасының жұмысы бойынша презентация ұсынылды. Депутат Жумадильдаева Н.В. кездесу тындаушылары ЖОО-да «Этнопедагогика», «Этнопсихология» оқу пәндерінің оқыту, РФ және басқа ТМД елдерінің дипломдары бойынша ғылыми дәрежесі берілу, мемлекеттік тілде мектептердің көбейу мәселесі, жалпы мемлекеттік тілде білім беру жайлы, т.б. сұрақтар қойды.